ТОО «Arymak Trans Service»
Горячая линия
Подписание Коллективного договора на 2016-2018 год
2016 жылғы 23 қарашада «Argymak TransService» ЖШС-нде 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге арналған Ұжымдық шартқа қол қойылды. Жұмыс беруші мен Жұмыскерлердің мүдделік тұрғыдан келісуінің бір белгісі Ұжымдық шарт болып табылады. Жұмыскерлер өкілі Кемелханов Азанбай Ұжымдық шарттың ұйымдағы тұрақтылық пен жұмыскерлерді әлеуметтік тұрғыда қолдаудың кепілі екенін, Серіктестікте қабылданып отырған шарттың Қаражанбас компаниялар тобындағы мекемелердің Ұжымдық шарттарымен мазмұндас екенін атап өтті. Келесі вахтадағы жұмыскерлер өкілі Отарбаев Ноябрь шарттың жаақталуы жұмыскерлердің ертеңгі күнге сенімділігін бекітетінін, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктердің сақталып қалғанын зор жетістік деп бағалайтынын жеткізді.